537

ҚР Ішкі Істер Министрлігі банкир Жомарт Ертаевтың не үшін ұсталғанын түсіндірді

Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастылып жатыр.
Фотография - ҚР Ішкі Істер Министрлігі банкир Жомарт Ертаевтың не үшін ұсталғанын түсіндірді Сурет ашық дереккөзден алынды

ҚР ІІМ банкир Жомарт Ертаевтың Мәскеуде ұсталғанын растап, не үшін ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР ІІД хабарлауынша, Мәскеуде Қазақстан ІІД Интерполының Ұлттық орталық бюросының сауалымен аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы Ертаев Жомарт ұсталды. Ол Bank RBK АҚ директорлар кеңесінің төрағасы бола тұрып жалған ЖШС-ның 80 миллион АҚШ долларын банктен қарыз ретінде алуын мақұлдаған. Сондай-ақ қарызды қайтармауға ықпал ететін әрекет жасаған. 

Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастылып жатыр. 

Естеріңізге салайық, ресейлік БАҚ Мәскеуде банкирдің ұсталғанын хабарлаған едіToday.kz оқырманға Жомарт Ертаевтың өмір жолынан үзінді ұсынды.

Загрузка...