1018

Qazaq Banki акционерлерінің бірі Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды

ІІМ хабарлағандай, Германия арнайы қызметіне Ибрагимді іздеуге сауал жолданған.
Фотография - Qazaq Banki акционерлерінің бірі Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды Сурет: ©Алмаз Төлеке

Qazaq Banki акционерлерінің бірі Бақыт Ибрагим Германияда ұсталды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ішкі істер Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ІІМ хабарлағандай, Германия арнайы қызметіне Ибрагимді іздеуге сауал жолданған. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің сұранысы бойынша, Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының Германиядағы әріптестеріне жолдаған тапсырмасы негізінде 23 сәуірде Германия аумағында Ибрагим Бақыт Жасұзақұлы ұсталды", – деп хабарлады ҚР ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат Департаментінің директоры Алмас Сәдубаев. 

Загрузка...