Қарағандыда прокурор пара алу барысында ұсталды

Фотография - Қарағандыда прокурор пара алу барысында ұсталды

Көрнекі сурет

Ол 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан.

274 0

Қарағанды қаласындағы аудандық прокурор сотталған үш адамның жазаларын жеңілдету үшін пара алған болуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е. Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол үш сотталғанға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдау үшін өтемақы алмақ болған", – делінген хабарламада.   

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында.

Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.  



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?