1384

Астанада екі жастағы қыздың қолын эскалатор қысып қалды

Баланың жағдайы тұрақты, кейін ол амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Фотография - Астанада екі жастағы қыздың қолын эскалатор қысып қалды Сурет ашық дереккөзден алынды

22 мамыр күні Алаш даңғылы көшесінің бойындағы Астана орталық базарының жабық ғимаратында төтенше жағдай болды. Екі жастағы қыздың қолын эскалатор қысып қалды, деп хабарлайды Today.kz

Болған оқиғаның мән-жайын әкімдік айтып берді. 

"Эскалаторда болған апаттық жағдай салдарынан екі жастағы қыз зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы келмей тұрып медициналық көмек көрсетілді, бала шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді", – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қабылдау бөлімінде баланы дәрігер қарады. Олар жараны таңып, екі қолының сүйегіне гипс орап қойды. 

Баланың жағдайы тұрақты, кейін ол амбулаториялық ем алуға жіберілді. 


Загрузка...