Жамбыл облысында аударылған пойыз ішінде қалып қойған бір адам отада жатыр

Фотография - Жамбыл облысында аударылған пойыз ішінде қалып қойған бір адам отада жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

17 маусымда Астана – Алматы бағытындағы №9 пойызы Жамбыл облысы Шу бекетінде рельстен шығып кетті.

609 0

Жамбыл облысында аударылған пойызда қалып зардап шеккен бір адамға ота жасалып жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады. Бұл туралы аймақтық денсаулық сақтау баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады  Today.kz.

Баспасөз қызметінің басшысы Толқын Өмірбаеваның сөзінше, оқиғадан кейін Шу ауданындағы бекетке медициналық көмек сұрап 14 жолаушы жүгінген, 13-і кейін үйлеріне жіберілген. Бір адамға ота қажет болған. 

"ТЖ салдарынан 2006 жылы туған Малинев қаза тапты. Медициналық көмек сұрап 14 жолаушы жүгінді. 1970 жылы туған Байжанов Шу қалалық ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Науқасқа ота жасалып жатыр – оң жақ жіліншегінің асықты жілігінің экстрамедуллярлы пластина остеосинтезы. Жағдайы тұрақты", – деді Өмірбаева. 

Естеріңізге салайық, 17 маусымда Астана – Алматы бағытындағы №9 пойызы Жамбыл облысы Шу бекетінде рельстен шығып кетті. Жол апаты салдарынан 2006 жылы туған бала қайтыс болды. Бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді. 

Today.kz тілшісіне жолаушылардың біреуі пойыз рельстен шықпай тұрып қатты сілкінгенін айтты. 

"ҚТЖ" ҰҚ АҚ пойыз апаты қисық жолдың кесірінен болғанын мәлімдеді. Қисық жолды көрген машинист тез арада тежегішті басқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?