Аса қауіпті қылмыскер Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Фотография - Аса қауіпті қылмыскер Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Көрнекі сурет

Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

669 0

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Today.kz  ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті ұсталғанды 2011 жылдан бері А.Б. Хачатрянның өліміне қатысты іздестіріп келді. Ол  атыс қаруын қолдана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен қарақшылық жасағаны үшін күдікті. Олардың келтірген материалдық шығыны 300 миллион теңгеден асады.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, оған халықаралық іздестіру жарияланған еді.

Қазіргі уақытта Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?