7574

Алматы облысы Шелек ауылында үш адам уланып қайтыс болды

Канализация құдығын тазалау барысында диаметрі 200 миллиметр тұрба тесілді.
Фотография - Алматы облысы Шелек ауылында үш адам уланып қайтыс болды Сурет: voxpopuli.kz

2 шілде күндіз Алматы облысы Шелек ауылында орталық аудандық аурухана аумағында болған төтенше жағдай салдарынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"12:34-те канализация құдығын тазалау барысында диаметрі 200 миллиметр тұрба тесілді. Салдарынан алдын ала болжам бойынша метан газынан үш адам уланды", – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. 

1967 жылы туған сантехник оқиға орнында қайтыс болған, 1969 жылы туған сантехник пен 1988 жылы туған дәрігер ауруханада қайтыс болған, 1984 жылы туған дәрігер ауруханада жатыр. Дәрігерлер жұмысшыларды құтқармақ болғанда зардап шеккен. 

Загрузка...