Талдықорғанда ер адам өз ұлын кепілдікке алды, қойып отырған талаптары белгісіз

Фотография - Талдықорғанда ер адам өз ұлын кепілдікке алды, қойып отырған талаптары белгісіз

Көрнекі сурет

Оқиға куәгері түсірген видеодан бес қабаттық тұрғын үй мен жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру қызметкерлері көрінеді.

915 0

Талдықорғанда ер адам өз ұлын кепілдікке алды, деп хабарлайды Today.kz. Оқиға куәгері түсірген видеодан бес қабаттық тұрғын үй мен жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру қызметкерлері көрінеді. 

Ролик авторының сөзінше, ер адам тұрғын үйдің үшінші қабатында өз ұлын кепілдікке алып, "түсініксіз талаптар қойған". 

"Прокуратура, облыстық ІІД қызметкерлері жиналды. Нақты не талап етіп тұрғаны белгісіз. Жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері күзетіп тұр. Қауіпсіздік күштері бір сұрақтарды шешіп жатыр. Пікір білдірген жоқ", – деді видео авторы. 

Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі аталған деректі растады. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?