3330

Бұл қорқынышты және әділетсіз – Мұхамедиұлы Денистің қазасына орай көңіл айтты

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің қайтыс болуына орай көңіл айтты.
Фотография - Бұл қорқынышты және әділетсіз – Мұхамедиұлы Денистің қазасына орай көңіл айтты Сурет ашық дереккөзден алынды

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің қайтыс болуына орай көңіл айтты, деп хабарлайды Today.kz министрдің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Денис Тен – біздің ғажайып мәнерлеп сырғанаушымыз, спортымыздың аңызы, біздің мақтанышымыз, еліміздің жақұты, үздік әрі мықты дәрігерлердің бар күшін салғанына қарамастан қайтыс болды. Ол 25 жасқа енді толған еді. Бұл қорқынышты және әділетсіз. Ата-анасы үшін үлкен қайғы, Денисті танитын жандардың көз жасы, оны бәрі сүйді, құрмет тұтты", – деп жазды Мұхамедиұлы. 

Министр "Денис және оның достары" атты мұз айдыны шоуын есіне түсірді. 

"Бір айдай уақыт бұрын маусымда Астанада "Денис және оның достары" атты мұз айдынының шоуы өтті, ол жаққа әртүрлі елден мәнерлеп сырғанаудың барлық жұлдызы келді, мәнерлеп сырғанаудан әлемдегі беделді жаттықтырушы Татьяна Тарасова келді. Денис Теннің мұз айдынындағы шоуы елорданың 20 жылдығына арналды. Бәрі Денисті келе жатқан туған күнімен құттықтады. Ал бүгін "алтын баламыз" Денис автокөлігінің айнасын шешіп алмақ болған ұрылардың шабуылынан кейін өмірден озды, олар Денисті санынан пышақтаған. Қан көп кеткен, шұғыл ота жасалған, үздік дәрігерлердің консилиумы ұйымдастырылған. Денисті ажалдан арашалап қалу ғажайып болап еді. Соңына дейін ғажайыпқа сендік. Өкінішке орай, олай болмады. Денистің ата-анасына кез келген көмек көрсетеріміз сөзсіз, бірақ ештеңе оларға ұлын қайтарып бермейді. Шын жүрегімнен оларға көңіл айтамын. Өтінемін, берік болыңыздар. Орны толмас трагедия. Иманды болсын", – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Естеріңізге салайық, Денис Тен Алматыда жан сақтау бөлімінде белгісіз адамдардың шабуылынан кейін қайтыс болған еді

Загрузка...