Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткен – вице-министр

Фотография - Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткен – вице-министр

Сурет: championat.com

Ол Денис Теннің ауруханаға қалай жеткізілгенін толық баяндады.

1084 0

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірін сақтауға қалай тырысқандарын айтып берді. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның сөзінше, екі сағаттан астам уақыт бойы жүрек-өкпе реанимациясы жасалған. Бірақ бұл Денис Тенді ажалдан арашалап қала алмады, деп хабарлайды Today.kz.

"Бұл бәріміздің ортақ қайғымыз, халқымыздың ортақ қайғысы. Жедел жәрдемге хабарлама 14:56-да түскен, хабарлама С30 деп жазылды, бұл – өмірге қауіп төндіретін пышақ жарақаты деген сөз. Көлік 14:58-де жақын станциядан шықты, 10 минуттан кейін жетті. 15:12-де оны Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізу жұмыстары басталды, ауруханаға 15:23-те жетті. Екі сағат жеті минут ішінде жүрек-өкпе реанимациясы жасалды. Оған қосымша реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ 17:30-да қолданылған шараларға қарамастан биологиялық өлім тіркелді", – деді Ақтаева. 

Ол Денис Теннің ауруханаға қалай жеткізілгенін толық баяндады. 

"Жедел жәрдем бригадасы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сүйенді, сол бұйрық бойынша шұғыл хирургиялық көмекті Орталық қалалық клиникалық ауруханада жасайды. Жедел жәрдем қараған кезде Тен ес-түссіз жатқан, артериалдық қысым байқалмады, яғни клиникалық өлім жағдайында еді. Денисті ауруханаға жеткізу кезінде жүрек-өкпе реанимациясы, жүрекке тіке массаж, өкпені қолдан желдету, екі перифериялық тамырға инфузиондық терапия жасалды, жарақаттанған жерден жоғары тұсқа бұрау салынды. Науқас клиникалық өлімге түсіп кеткен соң, оған ота жасалмады. Яғни стационарда жатқан уақытта жан сақтау шаралары жүргізілді", – деді ол. 

Ақтаева мәнерлеп сырғанаушының көп қан жоғалтқанын айтты. 

"Ол бір жарым литр көлеміндегі қанға бөгіп жатты, қан сырт көзге үш литрдей болып көрінді. Магистралды қан тамыр жарақаттанғанда, атап айтқанда сан артериясына зақым келгенде жарақаттанған соң 2-3 минут ішінде қан атқылайды. Бұл ірі магистралды қан тамыры, сондықтан қан көп кеткен", – деді ол.

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?