1051

ҚР ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген екінші жігіттің суретін таратты

"Кісі өлтіргені үшін Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылғы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы іздестіріліп жатыр", – делінген хабарламада.
Фотография - ҚР ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген екінші жігіттің суретін таратты Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдікке ілінген екінші жігіттің суретін таратты, деп хабарлайды Today.kz құзырлы органның баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

"Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдіктіні іздеуге барлық жеке құрам мен ішкі істер министрілігі аумағының басқа да күштері жұмылдырылды. Кісі өлтіргені үшін Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылғы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы іздестіріліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Күдіктінің сипаттамасы: бойы 165-170 сантиметр, арық денелі. Қара жейде, сұр джинсы, қара аяқ киім киген. Күннен қорғайтын көзілдірігі бар. 

Кез келген ақпаратты білсеңіз, мына нөмірлерге хабарласыңыз: 8 (7272) 54 40 42, 54 40 18, 54 41 00, 54 43 66 немесе 102.

Денис Тенді пышақтап өлтірген бір күдікті ұсталған еді

Денис Теннің өлімі 

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді


Загрузка...