3553

Денис Тенге қай күдіктінің пышақ сұққаны анықталды

Күдіктілерді таныған куәгерлер анықталды.
Фотография - Денис Тенге қай күдіктінің пышақ сұққаны анықталды Сурет: express-k.kz

Денис Тенді өлтірді делінген күдіктінің біреуі тексеріс барысында оқиға орнынан қылмыс жасаған қаруын тауып берді, деп хабарлайды Today.kz Алматы ішкі істер Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлімі" бойынша жүріп жатыр. 

"Күдікті Қиясов Н.Д мен Құдайбергенов А.Б. аталған қылмысты жасағандарын мойындап, заттай дәлелдерді көрсетті. Атап айтқанда, күдікті Құдайбергенов оқиға орнынан кісі өлтірген пышақтың қайда жасырылғанын көрсетті, қару қылмыстық істің материалына тіркелді. 

Аталған қылмыстық іс бойынша бірнеше сот сараптамасы тағайындалды, соның ішінде молекулярлы-генетикалық, сот-медициналық сараптама, қылмыс құралына медико-криминалдық сараптама, медико-биологиялық және тағы басқа сараптамалар бар", – деп хабарлады ІІД. 

Күдікті Қиясов Н.Д. Денис Тенге өзінің пышақ сұққанын мойындады. 

Күдіктілерді таныған куәгерлер анықталды. 

Денис Теннің өлімі 

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті

Загрузка...