1015

Қырғызстанда зардап шеккен туристерге Алматыдан тікұшақ жөнелтілді

Төтенше жағдай Бішкектен 40 километр жерде болған.
Фотография - Қырғызстанда зардап шеккен туристерге Алматыдан тікұшақ жөнелтілді Сурет: kursiv.kz

31 тамызда Қырғызстанға ішінде республикалық оперативті-құтқару бөлімі бар "Қазәуеқұтқару" тікұшағы жөнелтілді. Экипаж Ресей мен Қазақстан туристері зардап шеккен мекенге келеді, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай Бішкектен 40 километр жерде болған. 

"Алдын ала ақпарат бойынша, теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер тобы тас астында қалған. Құрамында тоғыз адамы бар РОСО оперативті тобы Алматыдан Ми-171 тікұшағымен ұшып кетті", – делінген хабарламада. 

Оқыс оқиға жайлы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдірген еді. 

"Зардап шеккендер арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Бір адам қайтыс болды. Тағы бір адам ауыр хәлде жатыр. Біз болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", – деді ол. 

Туристерді тасымалдау мәселесі шешілуде. 

Загрузка...