1422

Ақтөбе облысының екі прокуроры пара алды деген күдікке ілінді

2018 жылдың наурызында құқық қорғау органына жергілікті кәсіпкер жүгінген.
Фотография - Ақтөбе облысының екі прокуроры пара алды деген күдікке ілінді Сурет: ©Арман Мұқатов

Бас прокуратура Ақтөбе облысы Хромтау ауданының екі прокурорына қатысты тергеуді бастады. Олар пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Today.kz Спутник Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

2018 жылдың наурызында құқық қорғау органына жергілікті кәсіпкер жүгінген. 

"Тергеу нұсқасы бойынша кәсіпкерге көмектесу үшін прокурорлар 100 мың доллар сұраған", – деп жазады басылым. 

Кәсіпкер келіскен, одан кейін прокуратураға өзінен пара алуды сұрағаны үшін арыз жазған. Осы уақыттан кейін кәсіпкер мен прокурорлар арасындағы әңгіме таспаға жазылған. Ақша берілген соң олар ұсталды. 

Қазіргі таңда ұсталғандар қамауда, тергеушілер фоноскопиялық сараптама қорытындысын күтіп отыр.