778

Храпуновтар ісі: Сот айыпталушылардың істі тоқтату өтінішін қанағаттандырмады

Алматы маманданған ауданаралық сотында Храпуновтар ісі бойынша негізгі тыңдалым басталды.
Фотография - Храпуновтар ісі: Сот айыпталушылардың істі тоқтату өтінішін қанағаттандырмады Сурет: caravan.kz

Алматы маманданған ауданаралық сотында Храпуновтар ісі бойынша негізгі тыңдалым басталды. Отырысқа қатысқан айыпталушылар қылмыстық тергеуді тоқтатуды сұрады. Басты фигуранттар Виктор мен Ләйлә Храпуновтар сотта болған жоқ, деп хабарлайды Today.kz

6 тамыздағы бірінші отырыста айып оқылды, ол үш сағатқа созылды. 

Айыпталушылардың жартысы кінәларын мойындады, кейбіреулері жартылай мойындады. Олар кінәларын мойындағандықтан және уақыты өтіп кеткендіктер қылмыстық істі тоқтатуға арыз берді. Сот бұл арызды қанағаттандырмады. 

Келесі отырыс 7 тамызда болады. 

Естеріңізге салайық, 31 шілдеде оңтүстік астанада алдын ала тыңдалым өтті, оның барысында уақыты өтіп кеткендіктен жауапкершіліктен босату туралы адвокаттардың өтініші қанағаттандырылмады. Виктор мен Ләйлә Храпуновтар 250 миллион доллардан аса қаражатты жымқырды деп айыпталуда. 

Сот бұл істі 2018 жылдың шілдесінен бастап қарастырып жатыр. 

Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов ҚР ҚК бірнеше бабы бойынша айыпталды. 

– 235 бап "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топ құрып, оған қатысу";

– 176 бап "Өзгенің мүлкін иемденіп, жойып жіберу";

– 177 бап "Алаяқтық";

– 193 бап "Заңсыз жолмен келген қаржы мен басқа да мүліктерді заңдастыру";

– 307 бап "Құзіретін асыра пайдалану".

Ләйлә Храпунова мына үш бап бойынша айыпталды: 

– 235 бап "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топ құрып, оған қатысу";

– 177 бап "Алаяқтық";

– 193 бап "Заңсыз жолмен келген қаржы мен басқа да мүліктерді заңдастыру". 

Барлық бап іс қозғалған кездегі ҚР ҚК бұрынғы редакциясы бойынша қарастырылып отыр.