654

АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш әйелге нақты қандай айып тағылып отыр

Диора Әшірова, Әзиза Жалолова және Елена Құдайбергенованың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы 8 тамызда өтті.
Фотография - АҚШ-та ұсталған қазақстандық үш әйелге нақты қандай айып тағылып отыр Сурет: prisonrideshare.org

Америка Құрама Штаттарында ұсталған үш қазақстандық әйелге ақшаның ізін жасыруға қатысы бар деген айып тағылды, деп хабарлайды Today.kz Спутник Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Диора Әшірова, Әзиза Жалолова және Елена Құдайбергенованың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы 8 тамызда өтіп, ұсталғандарға тағылған айып оқылды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі сот тыңдауы биыл қазан айында болады.

"Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы азаматтарымызға қажетті жәрдем көрсетіп, олардың туыстары және адвокаттарымен үнемі байланыста отыр", – деп мәлімет берді Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы.

Қазақстандық әйелдер Нью-Йоркте са ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Ақшаның ізін жасыру бойынша қылмыстық схемаға араласқаны үшін олар 20 жылдан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін.

АҚШ Әділет департаментінің мәліметінше, ұсталған үш қазақстандық Нью-Йорктің "Бруклин" ауданында тұрған

Загрузка...