656

Алматы автосалонының бұрынғы қызметкері азаматтардың қомақты қаражатын жымқырды

Алматы тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысының Сарыағашынан ұстаған.
Фотография - Алматы автосалонының бұрынғы қызметкері азаматтардың қомақты қаражатын жымқырды Көрнекі сурет

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен "Тойота Центр Алматы" автосалонының бұрынғы қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Today.kz ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап. 

"Ол жаңа көлік сатамын деп азаматтардың 150 миллион теңгеден көп ақшасын, сосын 140 миллион теңгесін иеленді деген күдікке ілінді. Күдікті тұтынушылар жаңа автокөлік сатып алу үшін берген ақшаны жымқырған", – деді ол. 

Алматы тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысының Сарыағашынан ұстаған. 

Загрузка...