952

Алматыда Lexus жүргізушісі ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Фотография - Алматыда Lexus жүргізушісі ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен Көрнекі сурет

Алматыда жүргіншіні қағып өлтіріп оқиға орнынан қашып кеткен Lexus жүргізушісі ұсталды. Жігіттің жүргізуші куәлігі болмаған, деп хабарлайды Today.kz  Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Сайын көшесінің бойында Төле би даңғылынан солтүстік бағытта болған. 

"1994 жылы туған Г. есімді азамат осы түнде Lexus 330 маркілі автокөлікті айдап келе жатып, жүргіншіні қағып кеткен. 1963 жылы туған ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Авто жүргізушісі қашып кетуді жөн көрген. Оперативті шаралар нәтижесінде видеомониторинг пен транспорттық құрал фрагментін сарапталып, автокөлік идентификацияланды. Кейін жүргізушінің кім екені анықталды. Ол Алматы облысының тұрғыны. Кешке жігіт ұсталды, көлігі қылмыстық істің материалы ретінде тіркелді", – Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы Ерік Насырбеков. 

Полиция жігіттің жүргізуші құқығынан бір жыл бұрын айырылғанын айтты, ол мас күйінде көлік айдап ұсталған. 

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Загрузка...