7174

Денис Теннің қазасы жайлы іс қыркүйектің соңына дейін сотқа жетеді

ІІМ Бас прокуратурамен біріге отырып заңға өзгеріс енгізбек.
Фотография - Денис Теннің қазасы жайлы іс қыркүйектің соңына дейін сотқа жетеді Сурет ашық дереккөзден алынды

Денис Теннің қазасы жайлы іс қыркүйектің соңына дейін сотқа жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz

"Тенге байланысты айтар болсам, бір қылмыскерді бір рет сот, бір рет прокурор, бір рет тергеуші босатып жіберген. Екінші қылмыскерді бір рет сот босатқан, екі рет тергеуші еркіндікке жіберген. Яғни олардың білетіні сол, татуласып, еркіндікке шыққан соң әрі қарай да қылмыспен айналыса берген. Қазір шешім қабылданып жатыр. Екі қылмыскерге ұрлық, тонау, кісі өлімі бойынша айып тақтық. Әйел адам қылмысты жеткізбегені үшін айыпталды. Қыркүйектің соңына дейін іс сотқа жетеді", – деді Қасымов. 

ІІМ Бас прокуратурамен біріге отырып заңға өзгеріс енгізбек. Қайталанған қылмыс ауыр қылмысқа жатуы мүмкін. 

Загрузка...