3200

Шымкенттегі театр фойесінде ұйықтап қалған полициялар жауапқа тартылады

Театр холлында ұйықтап жатқан полициялардың суреті желіге тарап кеткен еді.
Фотография - Шымкенттегі театр фойесінде ұйықтап қалған полициялар жауапқа тартылады Сурет: facebook/@ezhumagulov

Шымкенттегі орыс драма театрының фойесіндегі орындықта ұйықтап жатқан полициялар тәртіп жауапкершілігіне тартылады, деп хабарлайды Today.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Театр холлында ұйықтап жатқан полициялардың суреті желіге тарап кеткен еді. 

"Театрға кірсем, полициялар ұйықтап жатыр. Фойеде. Біреуі қорылдап, нағыз тәртіп сақшысына тән әуен шығарды. Ал іс жүзінде контртеррористік оқыту жұмыстары жүріп жатқан еді", – деп жазды Facebook қолданушысы Ербол Жұмағұл.

Фото -

Жарияланым жүздеген пікір жинаған. 

Шымкент ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс ұйымдастырып, жергілікті полицияларды тәртіп жауапкершілігіне тартуға уәде берді.