1831

Сеул–Астана рейсінде жолаушы әйел жанжал шығарды

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі ZTB_video парақшасында 27 қыркүйекке қараған түні пайда болды.
Фотография - Сеул–Астана рейсінде жолаушы әйел жанжал шығарды Сурет: instagram/@ ztb_video

Air Astana әуекомпаниясының ұшағында жолаушы қызмет көрсететін персоналмен сөзге келіп қалды. Жолаушы қыздың жеп отырған тамағына көңілі толмаған. Компания оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі  ZTB_video парақшасында 27 қыркүйекке қараған түні пайда болды. 

Жолаушылардың бірі бортсерікпен сөзге келіп қалған. 

"Басқалардың бәрі адам да, біз адам емеспіз бе? Маған не айтқың келіп тұр? Сені түсінбедім. Сенің түбіңе жетем! Мені адам сияқты тамақтандыр. Сенен ішімдік сұрап отырған жоқпын", – деді жолаушы қыз тамақ таратып жүрген стюардессаға. 

Air Astana әуекомпаниясы бұл жағдайдың бірнеше күн бұрын болғанын хабарлады. 

"19-ынан 20 қыркүйекке қараған түні ұшқан КС 960 Сеул–Алматы рейсінде алты адамнан тұратын жастар тобы бортсеріктерге дөрекі сөйлеп, оларды негізгі жұмыстарын атқару кезінде алаңдатты және басқа жолаушыларға ыңғайсыздық тудырды. 

Жастардың осы қылықтарына байланысты ішімдік берілмеді

Видеодағы жолаушы бортсерікке ұшу уақытында дөрекі сөздер айтты, физикалық қысым көрсететінін жеткізіп, қоқан-лоққы көрсетті. Жолаушыға қатысты ескерту актісі толтырылды", – делінген хабарламада. 

Алматы әуежайына жеткен кезде жолаушы полицияға табысталды. 

Загрузка...