1265

Ақтөбе орталығындағы 9 қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр

Өрт Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы "Космос" қонақүйі аумағында шықты.
Фотография - Ақтөбе орталығындағы 9 қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр Сурет: today.kz

Ақтөбеде қала орталығында 9 қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына тоғыз өрт сөндіретін көлік жіберілді, деп хабарлайды Today.kz.

Өрт Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы "Космос" қонақүйі аумағында шықты, кейін жалын өзінен жоғары тұрған пәтерлерді шарпыған. 



"Алдын ала ақпарат бойынша, үшінші қабаттағы балкон жиегі өртенген. Өрт сөндіруге жеке құрамнан, оперативті-құтқару тобынан және апат медицинасы орталығынан 37 адам жұмылдырылды", – деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 


Оның сөзінше, 200 адам эвакуацияланды, үш адам құтқарылды. 

Фото -

Загрузка...