3431

Астананың Қосшы ауылындағы мейрамхана өртенді

Өрттің неден шыққанын Ақмола облысы ТЖД өрт зерттханасы анықтайды.
Фотография - Астананың Қосшы ауылындағы мейрамхана өртенді Сурет: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

9 қазан таңертең Ақмола облысы Green park (Қосшы ауылы) демалыс аймағында тұрған мейрамханадан өрт шықты. Хабарлама өртке қарсы қызметке 07:39-да келіп түскен, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. 

"Өрт аумағы 435 шаршы метрді құрады. Өрт 08:53-те ауыздықталып, 09:40-та сөндірілді. Өрттен зардап шеккен және құрбан болған адам жоқ. 

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан алты адам, арнайы өрт техникасынан екі бірлік, Алматы ТЖД жеке құрамынан 11 адам және арнайы өрт техникасынан екі бірлік жұмылдырылды", – деді Нұрахметов. 

Өрттің неден шыққанын Ақмола облысы ТЖД өрт зертханасы анықтайды. 

Фото -

Фото -

Загрузка...