679

Астанада полиция мас күйінде адам қағып, қашып кетті – ҚР ІІМ

Полиция жол апатына кінәлі адамды анықтап, оны сол күні ұстады
Фотография - Астанада полиция мас күйінде адам қағып, қашып кетті – ҚР ІІМ Көрнекі сурет

Астанада автокөлікті айдап келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Today.kz ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Астанада 7 қазанда полиция қызметкері мас күйінде жеке автокөлігімен жаяу жүргіншілерге арналған жолда қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүргіншіні қағып кетті. Содан кейін полиция оқиға орнынан бой тасалаған. Жүргінші ауыр жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. 

Полиция жол апатына кінәлі адамды анықтап, оны сол күні ұстады 

Адам қағып кеткеннен кейінгі әрекеті мен ішкі істер органдарындағы қызметі есепке алынып, яғни ол оқиға қатысушыларына ықпал етуі мүмкін деген күдікпен сот санкциясы бойынша екі айға қамалды", – деді Алмас Сәдубаев. 

Оның ақпаратынша, қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабы "Көлік құралдарын жүргізетін адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және ҚР ҚК 347 бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Сәдубаев ішкі қызметтік тексеріс басталғанын айтты, оның нәтижесі бойынша аталған полицияның басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады, жұмыстан шығарылуы да мүмкін. 

Загрузка...