726

Ақтауда әйел адам көршісінің үйінен 900 мың теңге мен бағалы затты ұрлап кетті

Бірнеше күннен кейін әйел адам ұрлығын қайталап, тағы 47 мың теңгені қолды қылған.
Фотография - Ақтауда әйел адам көршісінің үйінен 900 мың теңге мен бағалы затты ұрлап кетті Көрнекі сурет

Ақтауда әйел адам өз көршісінің пәтерінен қомақты қаржы мен бағалы бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Today.kz Tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы 900 мың теңге мен көршісінің пәтеріндегі шкафта жатқан 211 мың теңге тұратын бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен. 

Бірнеше күннен кейін әйел адам ұрлығын қайталап, тағы 47 мың теңгені қолды қылған. 

Соңында ол зат ұрлағаны үшін екі жылға түрмеге жабылды. 

Загрузка...