1588

"Байқоңырдан" ұшқан "Союз" кемесі апатқа ұшырады

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фотография - "Байқоңырдан" ұшқан "Союз" кемесі апатқа ұшырады Сурет: iz.ru

"Союз МС-10" кемесі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшайын деп жатқанда тасымалдаушы ракета апатқа ұшырады, деп хабарлайды Today.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша тасымалдаушы ракетаның екінші деңгейлі қозғалтқышы істен шыққан, деп хабарлайды "Пятый канал"

"Экипаж төменге түсті, ғарышкерлермен байланыс бар, жағдай тұрақты. Нақты қай жерге қонғандары әзірге белгісіз. Іздеу-құтқару тобы жіберілді, тікұшақ шықты (Қарағанды мен Жезқазғаннан), дейді "Россия-24" телеарнасы. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Орбитаға қысқартылған экипаж баруы керек еді: үш адамның орнына екі ғарышкер: ресейлік Алексей Овчинин мен АҚШ ғарышкері Ник Хэйг кеткен. 

Кейін олардың Жезқазғаннан 20-25 километрге қонғаны белгілі болды. Екі ғарышкердің де денсаулығы тұрақты.

Загрузка...