1099

Алматыдағы "Магнумнан" өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ.
Фотография - Алматыдағы "Магнумнан" өрт шықты Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Алматыдағы "Жетісу-3" ауданында орналасққан "Магнум" супермаркеті өртенді, деп хабарлайды Today.kz қалалық ТЖД баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

"Екі бутиктен шыққан өрт "Магнумның" кіре берісін шарпыды. Өрттен супермаркет ғимаратының оңтүстік қабырғасы зардап шекті. Өрт сөндірушілер өртті жақын жердегі бутиктерге таратпай, тілсіз жаудың алдын алды", – делінген ТЖД хабарламасында. 

Өрт көлемі 70 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 


Загрузка...