2319

Түркістан облысы ауданы әкімінің орынбасарына белгісіз адам оқ атты

Қылмыскер оқиға орнына қашып кеткен.
Фотография - Түркістан облысы ауданы әкімінің орынбасарына белгісіз адам оқ атты Сурет: osce.org

Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға оқ атылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Бүгін белгісіз адам травматикалық қарудан Түркістан облысы ауданы әкімінің орынбасарына оқ атып, белгісіз автокөлікпен оқиға орнынан қашып кеткен", – деді Алмас Сәдубаев. 

Оның сөзінше, қылмыскерді ұстау жұмыстары басталды. 

"Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда әкімнің орынбасары тірі, оған қауіп төніп тұрған жоқ", – деді ол. 

53 жастағы Рабиға Бейсебаева Төле би ауданы әкімінің орынбасары болып 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1983 жылы Ленгер салық бөлімінде инспектор болып бастаған. 

Загрузка...