2345

Басына оқ тиген – аудан әкімі орынбасарының ұлы анасы жайлы

Полиция қылмыскерді ұстау жұмыстарын бастады.
Фотография - Басына оқ тиген – аудан әкімі орынбасарының ұлы анасы жайлы Сурет: otyrar.kz

Түркістан облысы Төле би ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваның ұлы Болат Жаппаров Астанадан Шымкентке ұшып келді, деп хабарлайды Today.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Ол анасының жағдайы туралы айтып берді. 

"Бүгін түсте анама не болғанын естіген бойда бірінші рейспен Астанадан ұшып келдім. Үйіміздің жанында анамызға шабуыл жасалғанын айтты, оның басына оқ тиген. Бірден ауруханадағы анама бардым. Жарақатты таңып қойыпты, анамның жағдайы қанағаттанарлық. Бұрын бұндай оқиға болған емес", – деді Болат Жаппаров. 

Естеріңізге салайық, белгісіз біреу Рабиға Бейсеаеваға оқ атып, қашып кеткен. Полиция қылмыскерді ұстау жұмыстарын бастады. 

53 жастағы Рабиға Бейсебаева Төле би ауданы әкімінің орынбасары болып 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1983 жылы Ленгер салық бөлімінде инспектор болып бастаған. 

Загрузка...