2381

Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында тілшілерге ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
Фотография - Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды Сурет: inform.kz

Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында тілшілерге ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Біз қылмыстық істі тергеуді аяқтадық. Қазіргі кезде іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Осы орайда материалдармен танысу шаралары аяқталғаннан кейін, оны бірден сотқа жолдаймыз", - деді Қ. Қасымов.

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды. Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті

Загрузка...