924

Қуатжан Уәлиев кепілдікпен босатылды

Астанада мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталған еді.
Фотография - Қуатжан Уәлиев кепілдікпен босатылды Сурет: bnews.kz

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев кепілдікпен босатылды. Бұл ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Today.kz.

"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу жұмысымен айналысқан органның күдікті Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырды", – делінген сот хабарламасында. 

Естеріңізге салайық, Астанада мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталған еді.