1351

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары не үшін ұсталғаны айтылды

Сот жауапты хатшыға қатысты 6 миллион теңге көлемінде кепіл бекітті.
Фотография - Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары не үшін ұсталғаны айтылды Көрнекі сурет

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен Әкімшілік департаменттің директоры қандай күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен Әкімшілік департаменттің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олар мердігерлік ұйым басшысынан мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінген. Сот санкциясымен департамент директоры үйқамаққа алынды. Сот жауапты хатшыға қатысты 6 миллион теңге көлемінде кепіл бекітті. Сонымен қатар, соңғысы атқарып отырған лауазымынан уақытша шеттетілді. Тергеу жалғасуда", – деді Жанна Бастарова бүгінгі брифингте. 

Еске сала кетсек, Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үйқамаққа алынғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.