619

Астанада бір аптада екі жүкті әйел қайтыс болды

Қайғылы оқиға жайлы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Фотография - Астанада бір аптада екі жүкті әйел қайтыс болды Көрнекі сурет

Астанада бір аптада екі жүкті әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиға жайлы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Today.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

31 қазанда 30 жастағы әйел адам айы-күні жетіп отырғанда қайтыс болған. 

"Өлім аяқ астынан болды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бас сүйек миының туа бітті патологиясын анықтады. Ол өкінішке орай, тірі кезінде анықталмаған", – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова. Баланың да өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. 

4 қарашада №2 перинатальды орталығында ақтық демі жеткен 38 жастағы әйел адам қайтыс болды. 

"Ол үш күн бойы ауыр халде үйде жатқан, түсік тастау үшін ауруды басатын дәрілер ішкен. Бала үйде өліп, ағзасына тараған. Ол перзентханаға аса ауыр халде жеткізілді", – деді Астананың штаттан тыс бас акушер-гинекологы Иван Коркан. 

Рүстемованың сөзінше, науқас жоспарламай екіқабат болған, некеде болмаған. Туысқандарынан аяғы ауыр екенін жасырған, ешбір поликлиникаға тіркелмеген, жүктілік бойынша есепте тұрмаған. 

Нәтиже гистологиялық сараптамадан кейін белгілі болады. 

Естеріңізге салайық, жылдың басынан бері елордада жеті жүкті әйел қайтыс болды. 

Загрузка...