568

Ақтөбеде қайтыс болған 52 өзбектің қазасына кінәлілер сотталды

Сот үкімі шықты.
Фотография - Ақтөбеде қайтыс болған 52 өзбектің қазасына кінәлілер сотталды Cурет: ҚР ІІМ

Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады  Today.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

Шымкенттегі "Азия транзит" ЖШС-нің құрылтайшысы Нұрлыбек Тілепбаев 3 жыл 6 айға, автопарк механигі Бахадүр Пердебаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды.  

Өртенген автобусты жүргізген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовты 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Жүргізушілер 7 жыл бойы көлік жүргізе алмайды. 

Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моральдық шығын өтеу міндеттелді. 

Загрузка...