636

Алматыда жолаушылар автобусынан өрт шықты

Өрт 20 минут ішінде сөндірілді.
Фотография - Алматыда жолаушылар автобусынан өрт шықты Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда 09:21-де төтенше жағдай туралы департамент пультіне өрт шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. №137 маршруттың автобусы өртенген, деп хабарлайды Today.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Наурызбай ауданындағы "Шұғыла" шағын ауданында болған. 

"№137 маршрут автобусының салоны мен артқы дөңгелегінен өрт шықты. Өрт 09:39-да ауыздықталып, 09:59-да сөндірілді", – деп хабарлады ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Загрузка...