4693

Денис Теннің өліміне кінәлі үш күдіктінің қамаудағы мерзімдері ұзартылды

Іс сотқа жөнелтілуге дайындалып жатыр.
Фотография - Денис Теннің өліміне кінәлі үш күдіктінің қамаудағы мерзімдері ұзартылды Көрнекі сурет

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдіктілердің қамаудағы уақыты 15 күнге ұзартылды, деп хабарлайды Today.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге салайық, Тенді өлтірді деген күдікпен үш күдікті ұсталды. Алдымен Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов ұсталды. Жанар Толыбаева бір аптадан соң тұтқындалды. 

Қиясовтың қамаудағы уақыты 3 желтоқсанға дейін, Құдайбергеновтікі 4 желтоқсанға дейін, Толыбаеваныкі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. 

Екі жігітке кісі өлтірді деген айып тағылды, ал қыз ұрлық жасап, қылмыс туралы хабарламағаны үшін қамалды. 

Іс сотқа жөнелтілуге дайындалып жатыр.

Айта кетейік, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың шілдесінде Алматыда өлтірілді. Спортшыны көлік тонаушылар пышақтап кеткен еді.

Загрузка...