2450

КТК кеңсесіне белгісіз адам жарылғыш зат орнатылғанын айтып, қоңырау шалды

Қазіргі таңда полиция қоңырау шалған адамның кім екенін анықтап жатыр.
Фотография - КТК кеңсесіне белгісіз адам жарылғыш зат орнатылғанын айтып, қоңырау шалды Көрнекі сурет

КТК, НТК телерналарының, "Караван" сияқты басқа да БАҚ-тың кеңселері орналасқан ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Полиция бұл әбігердің жасырын қоңыраудан кейін болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.   

"КТК-ның жаңалықтар бөліміне белгісіз адам қоңырау шалды. Ол жарылғыш зат орнатылғанын айтты. Шұғыл, оперативті топтар ғимаратты тексеріп, адамдарды шығарып жатыр", – деді Алматы полиция Департаменті баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек. 

Қазіргі таңда полиция қоңырау шалған адамның кім екенін анықтап жатыр. 

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Суретті түсірген: куәгерлер