876

Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы бюджет ақшасын жымқырған болуы мүмкін

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Фотография - Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы бюджет ақшасын жымқырған болуы мүмкін Көрнекі сурет

Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы жемқорлықпен айналысты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады, деп жазады Today.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро облыстық туризм басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Ол 2018 жылдың қарашасында ақша шығарып алу фиктивті актісін құру арқылы естелік өнімін сатып алуға бөлінген 8,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", – деді Бастарова. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.