2356

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.
Фотография - Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды Сурет ашық дереккөзден алынды

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды. Қылмыстық іс Алматы қалалық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бүгінгі отырыста сотқа дейінгі тыңдалым өтті. Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар – ҚР Қылмыстық кодекстің 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Жанар Толыбаева, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясов. 

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады. 

Айта кетейік, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың шілдесінде Алматыда өлтірілді. Спортшыны көлік тонаушылар пышақтап кеткен еді.


Загрузка...