2295

Денис Теннің қазасы: Сотталушы қыздың екіқабат екені анықталды

Тергеу кезінде 1995 жылы туған сотталушы Жанар Толыбаеваның жүкті екені анықталды. Ішіндегі сәбиі – 6,5 айлық.
Фотография - Денис Теннің қазасы: Сотталушы қыздың екіқабат екені анықталды Сурет: engroup-consult.com

25 желтоқсанда Денис Теннің қазасына қатысты қозғалған іс тыңдалымы өткен Алматы қалалық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Процесс қазақ тілінде өтті. 

Тергеу кезінде 1995 жылы туған сотталушы Жанар Толыбаеваның жүкті екені анықталды. Ішіндегі сәбиі – 6,5 айлық. 

Қыздың сөзінше, ол Өзбекстанда туған, бұрын тұрмыста болған, төрт жастағы баласы бар. Қазір екінші баласына аяғы ауыр, жүктілік мерзімі – 6,5 ай. 

Айыпталушы Арман Құдайбергенов 11 сыныпты бітірген, бұрын сотталған. Нұралы Қиясов колледжде оқыған, үйленбеген, бұрын сотталмаған. 

Загрузка...