1411

Қырғызстанда той үстінде әйел адам қайтыс болды

Қырғызстанның Исфана қаласында болған той соңы қайғылы оқиғаға ұласты.
Фотография - Қырғызстанда той үстінде әйел адам қайтыс болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Қырғызстанның Исфана қаласында болған той соңы қайғылы оқиғаға ұласты. Қонақтардың бірі ойын ойнап жүрген кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz kaktus.media сайтына сілтеме жасап. 

Бұл сәт той видеосына түсіп қалған. Екі әйел байқауға қатысып, үстелді айнала билейді. Музыка біткен кезде бірінші әйел екіншісінің басына ақ қалпақ кигізеді. Осыдан кейін әйелдердің бірі өзін жайсыз сезініп, еденге құлап түскен. 

Басқа қонақтар жүгіріп келіп, әйелге көмек көрсетеді. 

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Фото -

Әйел адам ауруханаға жеткізілді, бірақ аман қалмады. Есін жимаған күйі өмірден озып кеткен. Баткен облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растады, бірақ әйелдің неден қайтыс болғаны айтылмады. 

Загрузка...