1165

Қызылордада өрт салдарынан үш бала қайтыс болды

Балалардың туысқандары да медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды.
Фотография - Қызылордада өрт салдарынан үш бала қайтыс болды Көрнекі сурет

Қызылордада жеке үйден шыққан өрттен үш бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады, деп жазады Today.kz.

"9 қаңтарда 19:29-да өртке қарсы қызмет пультіне Қызылордадағы Махмұтов көшесінің бойындағы "Наурыз" саяжайында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жиһаздан шыққан өрт төбеге ұласып, 15 шаршы метрді жалмаған. Тілсіз жау 19:55-те ауыздықталды. Өрт сөндірушілер 50 литрлік газ баллонын алып шықты. 

Өрт сөндіру бөлімшесі келмей тұрып үйден туысқандары 2011, 2012, 2014 жылы туған үш баланы құтқарған. Олар газдың иісінен уланып, ауруханаға жеткізілді. Естерін жимастан қайтыс болды", – деді Нұрахметов. 

Балалардың туысқандары да медициналық көмекке жүгініп, ауруханаға жатқызылды. 

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 19 адам мен Қызылорда облысы ТЖД жеті өрт сөндіруші техникасы жұмылдырылды. 

Загрузка...