1155

Алматы – Өскемен тас жолында 30-дан астам көлік түйісті

Төтенше жағдай салдарынан бес адам зардап шекті, олар Іле аудандық ауруханасына жатқызылды.
Фотография - Алматы – Өскемен тас жолында 30-дан астам көлік түйісті Көрнекі сурет

10 қаңтар таңертең Алматы – Өскемен автодаңғылынан 20 шақырым жерде жаппай көлік апаты болды, деп хабарлайды Today.kz Алматы облысы полиция Департаментіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай салдарынан бес адам зардап шекті, олар Іле аудандық ауруханасына жатқызылды. 

"Алдын ала болжам бойынша, жол апатына ауа райы, яғни жол тұман мен көктайғақ себеп болған", – делінген хабарламада. 

Жолдағы қозғалыс қалпына келтірілді. 

Загрузка...