994

Астана автобус паркіндегі 100-ден астам жұмысшының жалақысы төленбей келген

Осы іс бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фотография - Астана автобус паркіндегі 100-ден астам жұмысшының жалақысы төленбей келген Сурет: ©Арман Мұқатов

Астана қаласы прокуратурасы № 2 автобус паркіндегі 100-ден астам жұмысшының еңбек құқығын қорғады, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Байқоңыр ауданы прокуратурасы тұрғындармен кездесу барысында еңбекақы бойынша ірі сомада қарыз бар екендігі анықталды. Белгілі болғандай, құрылыспен айналысатын кәсіпорын иесі еңбек шарттарын жасамай, ұзақ уақыт бойы 54 жұмысшының жалақысын бермей келген. Прокуратура талабы бойынша аталған адамдармен тиісті шарттар жасалып, 3,5 млн теңге сомасында еңбекақы қарызы төленді. 

"Осындай факті "№2 автобус паркі" ЖШС-да анықталды. Бұл тұрғыда тиісті шаралардың арқасында 128 жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтіріліп, оларға 12 миллион теңге көлеміндегі жалақысы төленді. Осы іс бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген Астана прокуратурасының мәліметінде.