790

Жаркентте мұғалім студентті ұрды

Қазір осы оқиғаға орай, арнайы комиссия құрылды.
Фотография - Жаркентте мұғалім студентті ұрды Сурет: inform.kz

Алматы облысындағы Жаркент қаласында студенттерге қол жұмсаған оқытушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазір осы оқиғаға орай, арнайы комиссия құрылды. Жағдайға не түрткі болғаны анықталады. Қазір оқытушының үстінен ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеруге орай ол жұмыстан шеттетілді", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел. 

Ведомства өкілінің сөзінше, оқиға Жаркенттегі көпсалалы колледжде қаңтардың 10-ы күні болған. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов ұстаз биылғы оқу жылында аталған колледжге жұмысқа орналасқанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, қазір оқытушының студенттерге қол жұмсап, былапыт сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.

Загрузка...