3000

"Тапсырыс емес, тағдыр" — сотталушы Денис Теннің қазасы туралы

Дүйсенбі, 14 қаңтар күні, Арман Құдайбергенов прокурор тергеу видеосын көрсеткеннен кейін сотта тағы жауап берді.
Фотография - "Тапсырыс емес, тағдыр" — сотталушы Денис Теннің қазасы туралы Сурет: ҚР ІІМ

Көлік айнасын ұрлап, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отырғандардың бірі спортшының өлімі арнайы тапсырыс емес, тағдыр екенін айтты, деп хабарлайды Today.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Дүйсенбі, 14 қаңтар күні, Арман Құдайбергенов прокурор тергеу видеосын көрсеткеннен кейін сотта тағы жауап берді.

Құдайбергенов пен сотталушы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отыр. Осы уақытқа дейін жәбірленуші тараптың адвокаты мәнерлеп сырғанаушының арнайы тапсырыспен өлтірілген болуы мүмкін екенін айтып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады. Алайда сот төрағасы бұл өтінішті қабыл алмады.

"Барлығы сіз (Оксана Тен — мәнерлеп сырғанаушының анасы — Sputnik) ойлап тұрғандай болған жоқ. Оны өлтіруді жоспарлаған емеспіз. Бұл тапсырыс емес, тағдыр болды деп ойлаймын", — деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Ол көліктің айнасын ұрлап, Денис Тенмен төбелескенін мойындағанымен, оны өлтіруді алдын ала жоспарламағанын айтады.

"Мен амалсыздан ұрлыққа бардым. Бұрын сотталғандықтан, мені ешкім жұмысқа алғысы келмеді", — деді Құдайбергенов.

Екі сотталушының айтуы бойынша, Денис Тенді Нұралы Қиясов пышақпен жарақаттаған. Құдайбергенов көліктің айнасын шешіп жатқан кезде оны Тен көріп қалып, соңынан жүгіріп барып ұстап алады. Әрі қарай Құдайбергенов пен спортшы төбелесе жөнеледі. Осы кезде ұрыға көмектесу үшін Қиясов жүгіріп келеді.

"Қиясов пышақпен жарақаттады. Пышақтың сабы қара болды. Қиясов Денис Тенді пышақтаған кезде өзі де жарақат алды. Ол оны сан тұсынан жарақаттаған болатын", — деп мәлімдеді Құдайбергенов.

Қиясовтың өзі спортшыға пышақ сұққанын мойындағанымен, мұны әдейі жасамағанын айтады.

"Мен сол сәтте оны (Денис Тенді — Sputnik) тек қорқытқым келді. Ол қашып кетеді деген ой болды. Бірақ Тен қорыққан да жоқ, қашу туралы ойлаған да жоқ. Мен арт жағынан келіп қалай пышақ сұғып алғанымды түсінбей қалдым", — деген болатын Қиясов.

Загрузка...