Денис Теннің өліміне күдікті екі жігіттің әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін

Оқыс оқиға
9998
Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Денис Теннің өліміне күдіктілер – Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Прокурор Айдар Сибогатов соттан осындай жаза мерзімін сұрады, деп хабарлайды Today.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Нұралы Қиясовты айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жаза мерзімін қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін", — деп мәлімдеді екінші прокурор Айдар Сибогатов.

Прокурор Жанар Толыбаеваны төрт жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алуды сұрады. Әйел адамға "бір топ адамның алдын ала келісіп ұрлық жасауы" және "қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша айып тағылған.

Бұдан бұрын мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлын тапсырыспен өлтіргенін тағы да мәлімдеп, істі қайта тергеуді сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Бұдан бөлек, Денис Теннің анасы полиция қызметкерлері Нұрпейісов пен Мұсаевты қызметтегі әрекетсіздік пен салғырттығы үшін жауапкершілікке тартуды талап еткен. Айыптау тарабы жәбірленушілердің бұл өтінішін мақұлдаған жоқ. Судья Кеңшілік Әбділдинов Теннің анасы берген өтінішке екі жақтың жарыссөзінен кейін жауап беретінін мәлімдеді.

Азамат Нұрпейісов – кісі өлімі болған жерге жақын маңда болып, қылмысты көзімен көрген жасөспірімдер ісі бойынша инспектор. Нұрпейісовтің сөзіне сүйенсек, ол Дениске алғашқы көмек көрсетіп, адамдардан "жедел жәрдем" шақыруды сұраған.

Әділбек Мұсаев – қылмыс жасалған кезде Нұрпейісовпен бірге бір көлікте болған оның әріптесі.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить