908

Алматыда бұрын сотталған күзетші клубқа келген адамды пышақтап тастады

Жауапкершілікке күдіктімен қатар нысанның қожайыны да тартылды.
Фотография - Алматыда бұрын сотталған күзетші клубқа келген адамды пышақтап тастады Көрнекі сурет

Алматы полициясы түнгі клубтардың бірінде күзетші келген адамды пышақтап тастағанын хабарлады. Жауапкершілікке күдіктімен қатар нысанның қожайыны да тартылды, деп хабарлайды Today.kz мегаполистің полиция департаментіне сілтеме жасап. 

"Ойын-сауық ғимаратының қожайыны, "Голд Люкс" ЖШС директоры Биқалиев Райымбекке әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 3 бабы, 493 бөліміне сәйкес 20 АЕК айыппұл салынды. 

Ол бұрын сотталған адамды жұмысқа алып, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеуімен қатар, олардың өміріне қауіп төндірген. Осынау салқынқандылықтың нәтижесі аталған ғимаратта бірнеше күн бұрын болған кісі өлімі  

Сол күзетші 13 қаңтарда танысымен бірге спирттік ішімдік ішіп, жанжал салдарынан оған пышақ жарақатын салған", – деді Бостандық ауданы полиция Басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев. 

Күдікті ұсталды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Тергеу барысында аталған ғимараттың заңсыз тұрғызылғаны анықталды. Ол сүрілуі мүмкін. 

Ғимарат қожайыны өз еркімен демонтаж жасаудан бас тартып отыр. Енді құрылыс сот арқылы сүрілетін болады. 

Загрузка...