824

Sky Service әуекомпаниясының жұмысы тоқтатылды

17 қаңтарда 16:05-те Алматыдағы Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданында тікұшақ құлады.
Фотография - Sky Service әуекомпаниясының жұмысы тоқтатылды Сурет: sky-service.kz

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация Комитеті Sky Service әуе компаниясының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Today.kz.

"Азаматтық авиация Комитеті "Еврокоптер" ЕС130 Т2 (тіркеу нөмірі UP-EC038) тікұшағының әуе апатына ұшырауына байланысты 18 қаңтардан бастап Sky Service АҚ әуекомпаниясының ұшу жұмысын тоқтатты", – делінген хабарламада. 

Естеріңізге салайық, 17 қаңтарда 16:05-те Алматыдағы Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданында тікұшақ құлады. Еврокоптер – 130 әуе кемесі "Алатау" шипажайының аумағына құлады. Комитеттің ақпаратынша, жеке тікұшақ Sky Servic әуекомпаниясына тиесілі. 

Әуе апаты салдарынан тікұшақ ұшқышы Валентин Шитов қаза тапты. Қылмыстық іс басталды. 

Загрузка...