1024

ШҚО-да бес жастағы қыз әке-шешесінің көз алдында мұз астына батып кетті

ШҚО, Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасы Аққұдық мекенінде қайғылы оқиға болды.
Фотография - ШҚО-да бес жастағы қыз әке-шешесінің көз алдында мұз астына батып кетті Сурет: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

ШҚО, Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасы Аққұдық мекенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқарушылар айтқандай, 18 қаңтарда кешкі сағат тоғыздардың шамасында Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде ішінде бес адам бар ВАЗ-2109 автокөлігі рұқсат етілмеген жерден мұзбен жүріп өтпек болған. Мұз көлікті көтере алмай, ойылып түскен. Төрт адам – әйелі мен күйеуі және екі баласы судан өздігінен шыққан. Үшінші бала суға батып кеткен. 

19 қаңтар таңертеңгі сегізден кете құтқарушылар мұз астына кеткен бес жастағы қызды іздеді. Оның денесі екі сағаттан кейін табылды.